Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 9) тармақшасының негізінде, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2004 жылғы 28 қазандағы № 2262 «Қалалық жолаушылар көлігінің бағдарлық жүйелері туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2043 нөмірімен тіркелген, 2004 жылғы 11 желтоқсандағы № 126 «Дидар», 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 188 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған), 2005 жылғы 8 маусымдағы № 03 «Өскемен қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 2262 «Қалалық жолаушылар көлігінің маршруттық жүйесі туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркеу № 2043)» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2386 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 2 шілдедегі № 64-65 «Дидар», 2005 жылғы 30 маусымдағы № 98 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына енгізілген өзгерістермен мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Автобустар және шағын автобустар қалалық бағдарларының қозғалыс сызбалары сипаттамасының «Автобус бағдарлары» 1 бөлімі келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
17 |
Комсомол көшесі мен Карл Маркс қиылысы – «Ивушка» дүкені |
Комсомол, Өтепов көшелері, Қаныш Сәтпаев даңғылы, Қазақстан, Максим Горький көшелері, Әуезов, Абай даңғылдары, Михаэлис, Космическая, Потанин, Серікбаев, Виноградов көшелері. Кері бағытта – Виноградов көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Космическая, Михаэлис көшелері, Абай, Әуезов, Жеңіс даңғылдары, Қазақстан көшесі, Қаныш Сәтпаев даңғылы, Өтепов көшесі, Комсомол көшесі мен Карл Маркс көшесінің қиылысы |
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі Т. Касымжанов
«Шығыс Қазақстан облысының
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Е. Байбатчин