Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 14, 88 және 105-баптарына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 506, 510-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, "Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған ережелер мен әдістемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2009 жылғы 12 маусымдағы № 344 бұйрығына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5719, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман қоры аумағында жанама орман пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 11 қарашадағы № 238 бұйрығына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3253, сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бекітілсін:
1) Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының учаскелерінде шайыр және ағаш шырындарын дайындауға арналған төлемақы ставкалары (№ 1 қосымша);
2) Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға арналған төлемақы ставкалары (№ 2 қосымша);
3) Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалануға арналған төлемақы ставкалары
(№ 3 қосымша);
4) Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристік, рекреациялық және спорттағы мақсаттар үшін пайдалануға арналған төлемақы ставкалары (№ 4 қосымша).
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Орманды пайдалануға арналған төлемақы ставкалары туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 9/118-ІІІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2095, 2005 жылғы 8 қаңтардағы № 2-3 "Дидар", 2005 жылғы 8 қаңтардағы № 3-4 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).
2) "Орманды пайдалануға арналған төлемақы ставкалары туралы" 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 9/118-ІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 18 қазандағы № 13/196-III шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2399, 2005 жылғы 5 қарашадағы № 107-108 "Дидар", 2005 жылғы 3 қарашадағы № 168 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Адианов |
Шығыс Қазақстан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | В. Ахаев |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/226-IV шешіміне 1 қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының
учаскелерінде шайыр және ағаш шырындарын дайындауға
арналған төлемақы ставкалары
№ р/с | Атауы | Өлшем бірлігі | Бірлік үшін төлемақы ставкасы (АЕК) |
1. Шайыр дайындау (қылқан жапырақты) | |||
1 | Қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде | кг | 0,05 |
2 | Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде | га | 1,6 |
2. Ағаш шырындарын дайындау (жапырақты) | |||
1 | Қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде | литр | 0,03 |
2 | Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде | га | 0,8 |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/226-IV шешіміне 2 қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының
учаскелерінде екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындауға
арналған төлемақы ставкалары
№ р/с | Ағаш-бұта тұқымдастарының атаулары | Екінші дәрежелі ағаш ресурстарының түрлері (АЕК) | |||
Қабығы, центнер | Бұтағы, центнер | Түбірі, центнер | Бүршігі, кг | ||
1 | Қарағай | 0,021 | 0,042 | 0,011 | 0,021 |
2 | Шренке шыршасы | 0,027 | 0,054 | 0,014 | 0,027 |
3 | Сібір шыршасы, майқарағай | 0,016 | 0,032 | 0,008 | 0,016 |
4 | Самырсын | 0,015 | 0,030 | 0,008 | 0,015 |
5 | Балқарағай | 0,023 | 0,046 | 0,012 | 0,023 |
6 | Ағаш тектес арша | 0,027 | 0,054 | 0,014 | 0,027 |
7 | Емен, шаған | 0,041 | 0,082 | 0,021 | 0,041 |
8 | Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке | 0,014 | 0,028 | 0,007 | 0,014 |
9 | Сексеуіл | 0,060 | 0,120 | 0,030 | 0,060 |
10 | Қайың | 0,016 | 0,032 | 0,008 | 0,016 |
11 | Көктерек, ағаш тектес тал, терек | 0,011 | 0,022 | 0,006 | 0,011 |
12 | Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ | 0,035 | 0,070 | 0,018 | 0,035 |
13 | Өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар | 0,023 | 0,046 | 0,012 | 0,023 |
14 | Ағаш тектес самырсын | 0,018 | 0,036 | 0,009 | 0,018 |
15 | Жыңғыл | 0,025 | 0,050 | 0,013 | 0,025 |
16 | Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар | 0,012 | 0,024 | 0,006 | 0,012 |
Ескертпе: Қайыңтоз, майқарағай мен қайыңның бұтақтарын дайындау бөлінген кеспе ағаш аймағындағы кесілген ағаштардан дайындалады |
Екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындауға арналған төлемақы ставкаларына мынадай коэффициенттер қолданылады:
1) екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындау орындарының ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай:
10 шақырымға дейін - 1,30;
10,1 - 25 шақырым - 1,20;
25,1 - 40 шақырым - 1,00;
40,1 - 60 шақырым - 0,75;
60,1 - 80 шақырым - 0,55;
80,1 - 100 шақырым - 0,40;
100 шақырымнан жоғары - 0,30.
Ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы екінші дәрежелі ағаш ресурстарын дайындау орындарынан бастап жолға дейінгі ең қысқа аралық бойынша картографиялық материалдар бойынша айқындалады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзетіледі:
жазық бедер - 1,1;
жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25;
таулы бедер - 1,5;
2) 20 градустан жоғары беткейлі тау жоталарынан босату кезінде - 0,7.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/226-IV шешіміне 3 қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының
учаскелерінде орманды жанама пайдалануға
арналған төлемақы ставкалары
№ р/с | Орман пайдаланудың және ресурстардың түрлері | Шикізат түрі | Өлшем бірлігі | Жеке тұлғалар үшін тегін жинау мен дайындау нормасы | Нормадан жоғарғы бірлік үшін АЕК төлемақы ставкасы |
| 1. Дайындау және жинау: | ||||
1) жабайы өсетін жаңғақ, жеміс, жидектерді | |||||
1 | Балқарағай жаңғағы | жаңғағы | кг | 10 | 0,03 |
2 | Шекілдеуікті, сүйекті жемістер (долана, шәңгіш, шетен, мойыл және т.б.) | жемісі | кг | 10 | 0,03 |
3 | Саңырауқұлақтар | сағағы | кг | 25 | 0,02 |
4 | Жидектер (құлпынай, таңқурай, қарақат, қара жидек және т.б.) | жидегі | кг | 15 | 0,03 |
2) дәрілік өсімдіктерді | |||||
5 | Батпақ иірі | тамыры | кг | 6 | 0,02 |
6 | Қалың жапырақты шағыр | шөбі | кг | 3 | 0,02 |
7 | Құм салаубасы | гүлі | кг | 3 | 0,04 |
8 | Кіші маралоты | шөбі | кг | 5 | 0,02 |
9 | Бұрыш самалдық (субұрыш) | тамыры | кг | 5 | 0,03 |
10 | Айланшөп самалдық | тамыры | кг | 5 | 0,03 |
11 | Құс самалдық (таспа жоңышқа) | тамыры | кг | 5 | 0,03 |
12 | Биік андыз | тамыры | кг | 3 | 0,03 |
13 | Аюбалдырған | тамыры | кг | 5 | 0,01 |
14 | Кәдімгі киікоты | шөбі | кг | 3 | 0,02 |
15 | Шілтер жапырақты шайқурай | шөбі | кг | 3 | 0,03 |
16 | Жіңішке жапырақты күреңот (күреңот) | Шөбі | кг | 4 | 0,01 |
17 | Қос үйлі қалақай | Шөбі | кг | 3 | 0,01 |
18 | Дәрілік сиырсілекей | тамыры | кг | 3 | 0,02 |
19 | Тиынтақ | Шөбі | кг | 2 | 0,08 |
20 | Жуаның барлық түрі | жасыл сабағы | кг | 5 | 0,02 |
21 | Софлор тұқымдас левзея | тамыры | кг | - | 0,17 |
22 | Шегіршін жапырақты тобылғы | Шөбі | кг | 3 | 0,01 |
23 | Алты күлтелі тобылғы | Шөбі | кг | 3 | 0,01 |
24 | Тік тұратын қазтабан | Шөбі | кг | 3 | 0,01 |
25 | Дәрілік балшытыр | Шөбі | кг | 2 | 0,08 |
26 | Таушымылдық | тамыры, шөбі | кг | 2 | 0,08 |
27 | Көктемгі наурыз шешек | шөбі | кг | 2 | 0,02 |
28 | Үлкен жолжелкен | шөбі | кг | 3 | 0,02 |
29 | Ащы ермен | шөбі | кг | 3 | 0,01 |
30 | Жұмыршақ (кәдімгі) | шөбі | кг | 3 | 0,01 |
31 | Жинақы рауағаш | сабағы | кг | 10 | 0,02 |
32 | Қызғылт радиола | тамыры | кг | - | 0,16 |
33 | Көгілдік көкгүл | тамыры | кг | 2 | 0,04 |
34 | Тегіс мия | тамыры | кг | 2 | 0,03 |
35 | Тік тұратын кәдімгі жебіршөп | шөбі | кг | 3 | 0,02 |
36 | Кәдімгі мыңжапырақ | шөбі, гүлі | кг | 2 | 0,02 |
37 | Кәдімгі құлмақ | гүлі | кг | 5 | 0,02 |
38 | Үлкен сүйел шөп | шөбі | кг | 3 | 0,02 |
39 | Үштармақ итошаған | шөбі | кг | 3 | 0,01 |
40 | Қымыздық | шөбі | кг | 3 | 0,02 |
41 | Қырықбуын | шөбі | кг | 5 | 0,03 |
42 | Қос масақты қылша | шөбі | кг | 4 | 0,02 |
Тізімде көрсетілмеген өсімдіктер үшін (қызылкітаптықтан басқалары) | |||||
шөбі, гүлі, сабағы мен өскінінің жапырағы, жемісі | кг | 3 | 0,02 | ||
бүршігі, тамыры | кг | 3 | 0,05 | ||
2. Техникалық шикізатты дайындау | |||||
43 | Мумие | кг | - | 0,08 | |
44 | Мүк | кг | 3 | 0,05 | |
45 | Орман төсеніші және түскен жапырақтар | құрастыру текше м. | - | 0,05 | |
46 | Қамыс | құрастыру текше м. | - | 0,1 | |
47 | Ши және оның басқа да тұқымдастары | құрастыру текше м. | - | 0,05 | |
48 | Жабайы тұяқтылардың түскен мүйіздері | кг | - | 0,1 | |
3. Шөп шабу | |||||
№ р/с | Сапалық жағдайы (түсімділігі) | Өлшем бірлігі | Айлық есеп көрсеткішіндегі ставка | ||
1 | Жақсы (8 ц/га бастап және одан жоғары) | га | 0,12 | ||
2 | Қанағаттанарлық (5 бастап 8 ц/га дейін) | га | 0,09 | ||
3 | Нашар (5 ц/га дейін) | га | 0,07 | ||
Қол шалғымен шабылатын және 20 %-дан астамын бұта алып жатқан учаскелерде ақы 20 %-ға төмендетіледі | |||||
4. Жайылымдық алқаптар | |||||
№ р/с | Табиғи аймақтар | Өлшем бірлігі | Айлық есеп көрсеткішіндегі ставка* | ||
1 | Жақсы | га | 0,09 | ||
2 | Қанағаттанарлық | га | 0,07 | ||
3 | Нашар | га | 0,05 | ||
*Ескертпе: 1 гектарға мал жаю нормасын ескерумен | |||||
5. Балшелек және омарта орналастыру | |||||
№ р/с | Пайдалану түрі | Өлшем бірлігі | Айлық есеп көрсеткішіндегі ставка | ||
1 | Қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде балшелек орналастыру | 100 шаршы метр | 0,03 | ||
2 | Ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде балшелек орналастыру | га | 3,0 | ||
6. Марал шаруашылығы | |||||
3 | Марал шаруашылығы (жылына) | га | 0,08 | ||
Алаң бірлігінде маралдарды ұстау тығыздығының нормативін ескерумен | |||||
7. Аң шаруашылығы | |||||
4 | Аң шаруашылығы (жылына) | га | 0,9 | ||
Алаң бірлігінде аңдарды ұстау тығыздығының нормативін ескерумен | |||||
8. Бақша, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру | |||||
5 | Бақша, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру | 100 текше метр | 0,05 |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/226-IV шешіміне 4 қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының
учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін,
ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, туристік, рекреациялық
және спорттық мақсаттарында пайдалануға арналған
төлемақы ставкалары
№ р/с | Пайдалану түрі | Өлшем бірлігі | Айлық есеп көрсеткішіндегі ставка |
1. Келген әрбір күн сайын қысқа мерзімді орман пайдалану | |||
1 | Ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін | адам/күн | 0,1 |
2 | Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін | адам/күн | 0,1 |
2. Ұзақ мерзімді орман пайдалану | |||
1 | Аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін: | | |
1) | аңшылық алқаптарын пайдалану үшін; | га | тегін |
2) | құрылыстар мен ғимараттарды орналастыру үшін (күзетші үйі, аңшы үйі, шаруашылық құрылыстар) | 100 шаршы метр | 0,01 |
2 | Ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін | га | 0,25 |
3 | Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін | га | 1,0 |