Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 422 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы П. Куметов
Аудандық мәслихат
хатшысы Т. Бердибеков
Шардара аудандық
мәслихатының 2009 жылғы
19 ақпандағы N 16-115-ІV
шешіміне қосымша
Бірынғай тіркелген салықтың базалық
ставкаларының мөлшері
N |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
2 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
3 |