"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілген аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 27 мамырдағы "Төлеби ауданы мен Ленгір қаласындағы жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешімін негізге ала отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 381, 387 бабтарына сәйкес, автотұраққа, автомобиль май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларының мөлшері 30 пайызға, Ленгір қаласының жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларының мөлшері 50 пайызға жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2009.12.25 N 22/158-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Т. Әмірәлиев.
Аудандық мәслихаттың хатшысы Ә. Шыңғысбаев