Ауыл шаруашылығы мақсатында жерлерге салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 12/92-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда N 14-13-51 тіркелді

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілген аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 27 мамырдағы "Төлеби ауданы мен Ленгір қаласындағы жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешімін негізге ала отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 378, 387 бабтарына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатында жерлерге салынатын базалық салық ставкаларының мөлшері 30 пайызға жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы           Т. Әмірәлиев.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы                     Ә. Шыңғысбаев