Жер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 шілдедегі N 21/132-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 тамызда N 14-9-90 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 26/172-IV шешімімен

Күшін жойған

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2010.01.05 N 26/172-IV шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 387 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 378 бабында көрсетілген "Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары" жердің бір гектарына салынатын бонитет балы бойынша базалық салық ставкаларына аймақтардың түзету коэффициенттері қолданылып, 50 процентке жоғарылатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 379 бабында көрсетілген "Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары" жердің бір гектарына салынатын бонитет балы бойынша базалық салық ставкаларына аймақтардың түзету коэффициенттері қолданылып, 50 процентке жоғарылатылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 381 бабында көрсетілген "Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелеріне қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары" жердің бір гектарына салынатын бонитет балы бойынша базалық салық ставкаларына аймақтардың түзету коэффициенттері қолданылып, 50 процентке жоғарылатылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 383 бабының 1 тармағында көрсетілген "Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары" жердің бір гектарына салынатын бонитет балы бойынша базалық салық ставкаларына аймақтардың түзету коэффициенттері қолданылып, 50 процентке жоғарылатылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 382 бабының 2 тармақшасында көрсетілген "Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары (елді мекендер үшін)" 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне 1 шаршы метр үшін 0,20 теңгеге төмендетілсін.
      6. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     О. Төлімбетов
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ә. Махатай