Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 ақпандағы N 19-131-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 наурызда N 14-7-74 тіркелді

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Салық кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 процентке жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы:                      С. Мелдеханов     

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы:                                   Ж. Әбдәзімов