Бәйдібек ауданында ойын бизнесін жүргізуші кәсіпкерлерге бірыңғай салық ставкаларын бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпадағы N 16/94 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 наурызда N 14-5-73 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 10 желтоқсан 2008 жылғы N 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 422 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Бәйдібек ауданында ойын бизнесін жүргізуші кәсіпкерлерге бірыңғай салық ставкалары осы шешімнің 1 қосымшасына сай бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Сессия төрағасы:                           О. Мыңғышев

      Мәслихат хатшысы:                          Т. Дүйсенбеков

      Аудандық мәслихаттың 2009
      жылғы 17 ақпандағы N 16/94
      шешімімен бекітілген 1 қосымша

Бәйдібек ауданында ойын бизнесін жүргізуші
кәсіпкерлерге бірыңғай салық ставкалары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2009.12.21 N 26/140 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.            

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері /АЕК/

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

10

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

15

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

5

4.

Ойын жолы

83

5.

Карт

12

6.

Бильярд столы

15