«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 бабы 5-2) тармақшаларына және «Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау Ережелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 241 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тайынша ауданының кәсіпорындары мен мекемелері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. «Мүгедектерге жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 110 қаулысы жойылсын (2008 жылғы 2 мамыр т/н № 13-11-105, "Тайыншинские вести", № 24 2008 жылдың 6 маусымы, "Тайынша таңы", № 24 2008 жылдың 6 маусымы).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И. И. Турковқа жүктелсін.
4. Аудан әкімдігінің осы қаулысы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Маковский