Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Шаховское селосының көшесіне атау беру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежное селолық округі әкімінің 2009 жылғы 22 шілдедегі N 30 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 тамызда N 13-8-108 тіркелді

Қолданыстағы

      2009 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті және өзін-өзі
басқару туралы» Заңының 35, 37-баптарына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аймақтық ұйымдастыру туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес және Шаховское селосының тұрғындарының пікірлері бойынша, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданың Шаховское селосындағы атауы жоқ көшесіне «Мәжит Қасенев атындағы» атауы берілсін.
      2. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін он күн ішінде өз күшіне енеді.

      Селолық округ әкімі                              О.Қ. Сибанов