Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2009 жылға тізбесін белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 5 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 18 ақпанда N 13-7-102 тіркелді

Қолданыстағы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2009 жылға қосымша тізбесі берілген қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулыны бақылау Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудан әкімі              С. Ыбыраев

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 16 қаңтардағы
№ 5 қаулысына Қосымша

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2009 жылға қосымша тізбесі

      1. Дәрігерлік кеңес беру комиссиясының анықтамасы бойынша еңбектенуге шегі бар тұлғалар.
      2. Ұзақ жұмыс сітемеген тұлғалар (бір жылдан астам).