2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 3 ақпанда N 13-6-112 тіркелді

Қолданыстағы

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 5) тармақшасына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілермен шарттар жасасын;
      жұмыссыздарды ақылы қағамдық жұмыс орындарына жіберуді 2009 жылға арналған аудан бюджетінде, оларды өткізу үшін көзделген қаражаттар шегінде жүргізсін;
      қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздардың еңбегіне төлеу, ақшалай қаражаттарды екінші деңгейдегі банктердің жеке шоттарына есепке алу жолымен жүргізсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздардың еңбегіне төлеу орындаған жұмысына тәуелді бекітілсін (1 қосымша).
      3. Қоғамдық жұмыстар өткізуге болатын, Есіл ауданы бойынша аудан әкімдігінің коммуналдық меншігінде тұратын, кәсіпорындар және мәдени-әлеуметтік маңызы бар объектілердің тізімі бекітілсін (2 қосымша).
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бектасова Айнагүл Кәкімжолқызана жүктелсін.

      Есіл ауданының әкімі                           В.Бубенко

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 15 қаңтардағы
№ 3 қаулысына 1 қосымша

Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға атқарған жұмысына байланысты еңбегіне төлу туралы 

Жұмыс түрлерінің атауы

Мамандық

Дәреже

Тарифтік
коэффициент

1. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына қалалардың елді мекендердің аулаларын жинауда көмек көрсету

Алуа жинаушы

2

1,49

2. Жол салу және жөндеу, су құбыры, газ, канализациялық және басқа да коммуникацияларды салу, кеспе тас жәнежол жиегінің тастарын салу, сон дай-ақ сол  жұмыстар үшін қосалқы материалдарды
(құрылыс тастарын, қиыршық тас, плиталар, қум т.б.) дайындау. Елді мекендердегі жолдарды ағымдагы жөндеу(шұнқырларды және жол жиегін қолда бар материалдармен жабу, көпір салу, кіре беріс жолдары жөндеу)

Ғимараттар-ға және үйлерге кешенді қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшы.

3

1,59

3. Мелиоративтік жұмыстар, сон дай-ақ қөктемгі-күзгі су тасқынына байланысты жұмыстарды жүргізу.

Гидротехни-калық құрылыстар-ды қараушы

3

1,59

4. Құрылысқа, қайта құру мен баспананы күрделі жөндеуден откізугеге қатысу. Мәдениет пен әлеуметтік бағыттағы (мәдениет үйлерін, денсаулық сақтау объектілерін (ауруханалар, фельдшерлік-
акушерлік пункттер) және білім беру объектілерін, селолық округтер әкімдері аппараттары және басқа да бюджеттік ұйымдар үшін жалға алған ғимараттарды, егер жергілікті бюджеттерде осы мақсатқа қаржы қарастырылмаған болса немесе олар объектілерді тиісті жағдайда ұстауға жеткіліксіз болса) объектілерді күзету, қысқа дайындау, жөндеу және құрылыс жұмыстарын атқару бойынша көмек көрсету.

Ғимараттар-ға, үйлерге және құрылғылар-ға жұмыс істеуі және ағымдағы жөндеу жүргізуші жұмысшы.

3-4

1,59-1,7

5. Тарихи-
архитектуралық ескерткіштерді, кешендерді және қорық жерлерін қалпына келтіру.

Ескерткіш-
терді қалпына келтіру жөніндегі қызметкер

3

1,59

6. Аймақтарды экологиялық сауықтыру (аймеқтарды галдандыру және қөркейту)(ағаш отырғызу, гұл егу), орман саябақтық шаруашылықтарды, демалу, туризм, орындарын сақтау және дамыту,  қаңғырма жануарларды аулау.

Көркейту жөніндегі жұмысшы

3

1,59

7. Спорттық іс-шараларды, мерейтой салтанаттарын, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды дайындауға қатысу,соның ішінде мұз қалашықтарын салуда қосалқы жұмыстарды да атқару.

Спорттық құрылыстар-ды жөндеушілер

3

1,59

8. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарға
(cауалнама жүргізу, халық санағы,жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша статистикалық тексеріс жүргізу) қатысу.

Статистика қызметкері

G-14

1,43

9. Халықтың аз қамтамасыз етілген жүктеріне және жалғыз тұратын қарттарға, жаңа келген оралмандарға, сондай-ақ қалан және аудан әкімдіктерінің коммуналдық меншігіндегі кәсіпорындар мен әплеуметтік-
тұрмыстық мәдениет нысандарына отын және жемазық дайындау, қөмірді арту және  жеткізуге және түсіруге көмек көрсету.

Жұмысшы

2

1,49

10. Үй шаруашылығын тіркеуде және  шаруашылық кітаптарын құрастыруға көмек көрсету.

Тіркеуші

G-14

1,43

11. Әлеуметтік-
мәдени объектілерді, сондай-ақ аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіне бос объектілерді күзету.

Күзетші

2

1,49

12.Алыс елді мекендерде тұратын халықты төлқұжаттау жөніндегі жұмысқа уақытша көмек (халықты төлқұжаттау үшін қажетті құжаттарды жинау мен ресімдеу бойынша көмек).

Төлқұжатші

G-14

1,43

13.Селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде құқық қорғау.

Кезекші

G-14

1,43

14. Есірткі заттар тарату және пайдаланудың болжамалы жерлеріндегі, сенім пункттерінде волонтер ретіндегі жұмыс.

Медбикенің қөмеқшісі

G-14

1,43

15. Балалардың жасөспірімдердің, жастардың бос уакытын балаларжасөспірім-дер клубтары аркылы уйымдастыру жөнінде жұмыстарды (мерекелік және мерейтой даталарына дайындық) жүргізу.

Мәдени ұйымдасты-
рушы

G-13

1,68

16. Саябақтар скверлердің аумағын көркейту және кұзету (жеке меншік нысандарынан басқа).

Қөркейту жөніндегі

жұмысшы

2

1,49

17. Зираттарды,  қоқыс жинайтын жерлерді көгалдандыру, соның ішінде қалдықтар жинауды ұйымдастыру.

Көркейту жөніндегі

жұмысшы

3

1,59
 
 

18. Бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде жылу беру маусымы кезінде пеш жағушы ретіндегі жұмыс.

Пеш   жағушы.

2

1,49.

19. Жалғыз басты ауру қарт  азаматтарды күгу (тамақ,дәрі- дәрмек сатып әкелу, үй ішін жинау, ағарту, еден сырлау, кір жуу, көкөніс отырғызу, арам шөп жұлу және жинау)


Техникалық орындаушы

G-14

1,43

20. Иесіз  жылжымайтын мүлікті айқындауда  уақытша көмек көрсету.

Жылжымайтын мүлікті айқындаушы


 

3


 

1,59

21. Тұрақты тұратын жері  бойынша халықты тіркеу және құжаттандыруда техникалық қызмет көрсету.

Төлқұжатші.

G-14

1,43

22. Оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі тапсырмаларды орындау.

Техникалық орындаушы

G-14

1,43

23. Мемілекеттік  тілдегі өгініштер бойынша іс- жүргізуде көрсету.

Техникалық орындаушы

G-14

1,43

24. Құжаттарды сақтауға дайындық  және өндеуде көмек көрсету.

Техникалық орындаушы

G-14

1,43

25. Жұмыспен қамту мәселелері және  18 жасқа дейінгі балалы  отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау кезінде қажетті  құжаттарды жинау жөнінде көмек көрсету.

Техникалық орындаушы

G-14

1,43

26. Аудан әкімі аппаратының ғимараты ішінде тәртіпті қадағалауға көмек көрсету (гардеробта жұмыс істеу).

Техникалық орындаушы

G-14

1,43

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 15 қаңтардағы
№ 3 қаулысына 2 қосымша

Қоғамдық жұмыстар өткізуге болатын, Есіл ауданы бойынша аудан әкімдігінің коммуналдық меншігінде тұратын, кәсіпорын және мәдени-әлеуметтік маңызы бар объектілердің тізімі

      1. Селолық округ әкімдері аппаратарының ғимараттары.
      2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылаттын мемлекеттік мекемелер.
      3. „Камкор” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      4. Ауруханалар.
      5. Отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар.
      6. Фельдшерлік–акушерлік пункттер.
      7. Емхана.
      8. Мектептер.
      9. Клубтар.
      10. Мәдиниет үйлері.
      11. Кітапханалар.
      12. Балабақшалар.
      13. Стадиондар.
      14. Тарихи - сәулет ескерткіштері.
      15. Локалдық су өткізгіш желілері.
      Егер жұмыс кәсіпорын жұмысшыларының функционалдық міндеттеріне кірмесе және ол үшін штаттық кестеде бірліктер каралмаса.