Солтүстік Қазақстан облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтері атауларының транскрипциясын өзгерту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 340 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 20/8 біріккен шешімдері. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 22 қаңтарда N 1738 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, аудандық мәслихаттар мен әкімдіктердің ұсынысы жөніндегі тұрғындар пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Айыртау ауданы Константинов селолық округі Аканбурлук селосының атауын Константинов ауылдық округі Ақанбұрлық ауылы;
      - Айыртау ауданы Константинов селолық округі Акчок селосының атауы Константинов ауылдық округі Ақшоқы ауылы;
      - Айыртау ауданы Қазан селолық округі Бурлукское селосының атауы Қазан ауылдық округі Бұрлық ауылы;
      - Айыртау ауданы Қаратал селолық округі Шукурлюк селосының атауы Қаратал ауылдық округі Шүкірлік ауылы;
      - Айыртау ауданы Украин селолық округі Бурлук селосының атауы Украин ауылдық округі Бұрлық ауылы;
      - Жамбыл ауданы Жамбыл селолық округі Есперлы селосының атауы Жамбыл ауылдық округі Есперлі ауылы;
      - М.Жұмабаев ауданы Александров селолық округі Альва селосының атауы Александров ауылдық округі Алуа ауылы;
      - М.Жұмабаев ауданы Қарағанды селолық округі Карагандинское селосының атауы Қарағанды ауылдық округі Қарағанды ауылы;
      - М.Жұмабаев ауданы Майбалық селолық округі Сейфуллино селосының атауы Майбалық ауылдық округі Сейфолла ауылы;
      - М.Жұмабаев ауданы Молодогвардейск селолық округі Беняш селосының атауы Молодогвардейск ауылдық округі Бинаш ауылы;
      - М.Жұмабаев ауданы Ұзынкөл селолық округі Узунколь селосының атауы Ұзынкөл ауылдық округі Ұзынкөл ауылы;
      - Қызылжар ауданы Бескөл селолық округі Бишкуль селосының атауы Бескөл ауылдық округі Бескөл ауылы;
      - Ғүсірепов атындағы ауданы Бірлік селолық округі Бирликское селосының атауы Бірлік ауылдық округі Бірлік ауылы;
      - Ғүсірепов атындағы ауданы Салқынкөл селолық округі Тохты селосының атауы Салқынкөл ауылдық округі Тоқты ауылы;
      - Ғүсірепов атындағы ауданы Көгалажар селолық округінің атауы Көкалажар ауылдық округі;
      - Уәлиханов ауданы Бидайық селолық округі Бидайыкское селосының атауы Бидайық ауылдық округі Бидайық ауылы;
      - Уәлиханов ауданы Қарасу селолық округі Аккудук селосының атауы Қарасу ауылдық округі Аққұдық ауылы;
      - Уәлиханов ауданы Қаратерек селолық округі Курлеут селосының атауы Қаратерек ауылдық округі Күрлеуіт ауылы болып өзгертілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Біләлов
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ. Едіресов
      Облыстық мәслихаттың
      ХХ сессиясының
      төрағасы                                   Т. Ткаченко