«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Айыртау, Ақжар және Тимирязев аудандарының мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсынысы жөніндегі тұрғындар пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Кейбір елді мекендер мен селолық округтер атауларының транскрипциясы:
Айыртау ауданы Нижнеборлық селолық округі Якши-Янгизтау селосының атауы Нижнеборлық ауылдық округі Жақсы Жалғызтау ауылы;
Ақжар ауданы Талшық селолық округі Ульгули селосының атауы Талшық ауылдық округі Үлгілі ауылы;
Ақжар ауданы Ленинград селолық округі Даут селосының атауы Ленинград ауылдық округі Дәуіт ауылы;
Ақжар ауданы Ленинград селолық округі Кызылтуское селосының атауы Ленинград ауылдық округі Қызылту ауылы;
Тимирязев ауданы Ишим селолық округі Нарунгуль селосының атауы Есіл ауылдық округі Нарынгүл ауылы болып өзгертілсін;
2. Келесі елді мекендер мен селолық окрутардың атауы:
Тимирязев ауданы Ишимский селолық округі және Ишимское селосының атауы Есіл ауылдық округі және Есіл ауылы;
Тимирязев ауданы Степной селолық округінің аты Құртай ауылдық округі;
Айыртау ауданы Арықбалық селолық округі Наследниковка селосының атауы Арықбалық ауылдық округі Баян ауылы;
Ақжар ауданы Совхоз селолық округі және Совхоз селосының атауы Ақжарқын ауылдық округі және Ақжарқын ауылы,
Восход селолық округі Кузбасс селосы Восход ауылдық округі Ақсай ауылы болып қайта аталсын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Біләлов
Облыстық мәслихаттың
хатшысы Қ.Едіресов
Облыстық мәлихаттың
ХҮІІІ сессиясының төрағасы Р. Нұрмұқанова