"Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру ережесі туралы

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі N 15/8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 28 мамырда N 1712 тіркелді

Жаңартылған

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-2) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТІ :
      1. Қоса берілген «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың                       Облыстық мәслихаттың
      XҮ сессиясының төрағасы                     хатшысы
      А. Рафальский                               Қ.Едіресов

Облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 22 сәуірдегі
№ 15/8 шешімімен бекітілген

«Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру ережесі

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009.12.20 N 20/14 Шешімімен

1. Жалпы ереже

      1. Осы «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру тәртібін регламенттейді.
      2. «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағы (бұдан әрі - Атақ) облыс (қала, аудан) алдындағы ерен еңбегі:
      облыстың (қаланың, ауданның) экономика, ғылым және мәдениет, өнер, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік саласының дамуына қосқан зор үлесі;
      мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, демократияның, жариялылық және әлеуметтік прогрестің, рухани және зияткерлік әлеуеттің дамуындағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі жетістіктері;
      заңдылық, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткені;
      азаматтардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызметі, қайырымдылық пен мейірімділік қызметі;
      облыста тұратын халықтар арасындағы ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы жемісті еңбегі;
      елде және шетелде облыс (қала, аудан) имиджін көтеруге қосқан зор үлесі үшін беріледі.
      3. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына беріледі.
      Атақ облыс аумағында тұрмайтын адамдарға да берілуі мүмкін.

2. Атақтың берілу тәртібі

      4. Атақ беру туралы қолдаухатты облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттар мен әкімдіктер, еңбек және шығармашылық ұжымдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке және заңды тұлғалар, өзге де бастамашыл топтардың беруіне болады.
      Қолдаухатқа тиісті басшы қол қояды.
      Қолдаухатта кандидатураның негізгі биографиялық мәліметтері, жетістіктерінің қысқаша сипаттамасы және облыс (қала, аудан) алдындағы еңбегі растаушы құжаттармен қоса беріледі.
      5. Қолдаухатты Марапат жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
      6. Комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.
      7. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының пікірі шешуші болып табылады.
      8. Комиссия шешімі ұсыныс сипатында болады және оның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
      9. Комиссия келесі шешімдердің біреуін қабылдауы мүмкін:
      қолдаухатты қанағаттандырып, облыс (қала, аудан) әкіміне Атақ беру туралы тиісті мәслихатқа ұсыным енгізуді ұсыну;
      қолдаухатты қабылдамау;
      құжатты ресімдеуді аяқтау үшін қолдаухатты қайтару.
      10. Атақ облыс (қала, аудан) әкімдерінің тиісті мәслихатқа ұсынуымен беріледі.
      11. Атақ беру туралы облыстық (аудандық) мәслихаттың шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3. Куәліктер мен төсбелгілер беру тәртібі

      12. Атақ берілетін тұлғаға облыс (қала, аудан) әкімі салтанатты түрде Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы төсбелгісі мен куәлігін тапсырады.
      13. Құрметті азаматтардың аттары Солтүстік Қазақстан облысының Құрмет Кітабына хронологиялық тәртіпте енгізіледі.
      Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматының аты жұртшылық ұсынысымен қала, кент, село көшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте берілуі мүмкін.
      14. Төсбелгі мен куәлікті дайындау, облыстың Құрмет Кітабын ресімдеу және оны тиісті жағдайда ұстау облыс әкімінің аппаратына жүктеледі.
      15. Төсбелгілер мен куәліктерді дайындауға, Құрмет Кітабын ұстауға, жеңілдіктер мен біржолғы ақшалай сыйақылар төлеуге шығынды қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Атақтан айырылу негізі

      16. Атақ берілген тұлға одан сәйкес мәслихаттар шешімімен мына
      жағдайларда айырылады:
      үкім заңды күшіне енгеннен кейін қылмыс жасағаны үшін;
      Атақ беру туралы қолдаухат ұсынған органның ұсынысы бойынша үлкен қоғамдық резонанс тудырған теріс қылықтар жасағаны үшін.
      17. Осы Ереженің 16 тармағында көзделген негізде Атақтан айырылған тұлға Атақ беруге қайта ұсынылмайды.