«
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148
Заңының
27 бабы 2 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213
Заңының
28 бабына сәйкес облыс әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» облыс әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 104
қаулысына
(2008 жылғы 30 сәуірдегі № 1672 Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 14 мамырдағы «Солтүстік Қазақстан», 2008 жылғы 14 мамырдағы «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген облыстық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдар тізбесіндегі:
2 тармағы
алып тасталынсын;
4 тармағының 1) тармақшасынан
«, соның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелері және қазыналық кәсіпорын» сөздері алып тасталынсын;
5 тармағы
келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) мұрағатшы.»
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.С. Ескендіровке жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғанынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Біләлов