Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы

Алматы қаласы Алатау ауданының әкімінің 2009 жылғы 5 наурыздағы N 2 ш шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 25 наурызда N 812 тіркелді.

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23 бабындағы 1 тармағына сәйкес Алатау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      
      1. Алатау ауданы «Әйгерім-1», «Әйгерім-2» ықшам аудандарында № 1 қосымшаға сәйкес жаңа сайлау учаскесінің жаңа шекаралары бекітілсін.

      2. Алатау ауданы «Әйгерім-1», «Әйгерім-2» ықшам аудандарында жаңа сайлау учаскесі ашылуына байланысты № 2 қосымшаға сәйкес № 111, 113 сайлау учаскелерінің жаңа шекаралары бекітілсін.

      3. Алатау ауданы «Өжет» ықшам ауданында, Әуезов көшесі, 48 мекен-жайында орналасқан № 156 орта мектептегі № 455 сайлау учаскесінің орталығы «Ұлжан-1» ықшам ауданындағы № 152 мектепке көшірілсін.

      4. Алатау ауданы әкімінің 2009 жылғы 5 қантардағы «Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша сайлау учаскелерінің жаңа шекараларын бекіту және орталығын ауыстыру туралы» № 1 ш шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жүргізу Алатау ауданының әкімі аппаратының басшысы Б. Торламбаевқа жүктелсін.

      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


                                               Б. Мәнізоров


Алатау ауданы әкімінің
2009 жылғы 5 наурыздағы № 2 ш
шешіміне 1-қосымша
 

«Әйгерім-1», «Әйгерім-2» ықшам аудандарының
сайлау учаскелерінің шекараларының
сызбасы

      Ленин көшесі бойымен (Ленин және Звездная көшелеріндегі барлық үйлерді қоса) Школьная көшесіне дейін, Школьная көшесімен Садовая көшесіне дейін, Садовая көшесімен (солтүстік бөлігі) батыс бағытта Алтынсарин көшесіне дейін, Алтынсарин көшесінен (барлық үйлерді қоса) ары қарай Бокин көшесі бойымен жалғасып солтүстік бағытта Шұғыла көшесіне дейін («Әйгерім-2» ықшам ауданы), Шұғыла көшесімен («Әйгерім-2» ықшам ауданы), № 11,9,7,5,3,1 нөмірлі үйлерді қоспағанда (оңтүстік бөлігі) шығыс бағытта Молдағұлова көшесіне дейін («Әйгерім-2» ықшам ауданы), Молдағұлова көшесі бойымен («Әйгерім-2» ықшам ауданы), барлық үйлерді қосқанда (шығыс бөлігі) солтүстік бағытта Ленин көшесіне дейін («Әйгерім-1 ықшам ауданы).
 
 

Алатау ауданы әкімінің
2009 жылғы 5 наурыздағы
№ 2 ш шешіміне 2-қосымша
 

Жаңа шекалардың сызбасы

№ 111 сайлау учаскесі

      Орталығы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Әйгерім-1» ықшам ауданы, Ленин көшесі, 63, № 149 орта мектебі, тел.: 297-68-84.

      Рысқұлов даңғылынан Ворошилов көшесімен («Құрылысшы» ықшам ауданы) (батыс жағы) солтүстік бағытқа, ары қарай Набережная көшесі, («Әйгерім-1» ықшам ауданы), ары қарай Строительная көшесімен («Әйгерім-1» ықшам ауданы), ары қарай Оспанхан Әубәкіров көшесімен («Шанырақ-2» ықшам ауданы) Садовая көшесіне дейін («Әйгерім-1» ықшам ауданы), Садовая көшесінен («Әйгерім-1» ықшам ауданы) Ленин көшесінің үйлерін жағалай («Әйгерім-1» ықшам ауданы) (шығыс бөлігі) оңтүстік бағытта (Ленин мен Звездная көшелеріндегі үйлерді қоспағанда), («Әйгерім-1» ықшам ауданы) Садовая көшесіне дейін («Әйгерім– 1»), (шығыс бөлігі) оңтүстік бағытта Школьная көшесіне дейін («Әйгерім–1» ықшам ауданы), Школьная көшесімен («Әйгерім-1» ықшам ауданы) (шығыс бөлігі) оңтүстік бағытта Рысқұлов даңғылына дейін, Рысқұлов даңғылымен (солтүстік бөлігі) шығыс бағытта Ворошилов көшесіне дейін («Құрылысшы» ықшам ауданы).