Алматы қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетел азаматтарын есептік тіркеу туралы" N 4/530 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 1/15 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 21 қаңтарда N 802 тіркелді.

Қолданыстағы

      Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 15 қыркүйектегі "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетел азаматтарын есептік тіркеу туралы" N 4/530 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 29 қыркүйекте 553 нөмірмен тіркелген, "Вечерний Алматы" газетінің 2003 жылғы 15 қазандағы N 161 санында, "Алматы Ақшамы" газетінің 2003 жылғы 14 қазандағы N 115 санында жарияланған, Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 28 маусымдағы N 3/513 қаулысымен өзгерістер енгізілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 6 шілдеде 608 нөмірмен тіркелген, "Вечерний Алматы" газетінің 2004 жылғы 20 шілдедегі N 144 (9951) санында, "Алматы Ақшамы" газетінің 2004 жылғы 20 шілдедегі N 81 санында жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      Аталған қаулымен бекітілген Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетел азаматтарын есептік тіркеу туралы ережеде:
      4 тармақтағы "тиісті шешім" сөзі "тиісті өкім" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Алматы қаласы әкімінің аппараты заңнамамен белгіленген тәртіпте Алматы қаласының әділет органдарына енгізілген өзгерістер туралы хабарласын.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                      А. Есімов