Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы" ңұсқауды бекіту туралы " N 38/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 73/3 қаулысы. Павлодар облысы Успен ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 наурызда N 66 тіркелген

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы" нұсқауды бекіту туралы" N 38/1 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-12-63 тіркелген, 2009 жылы 27 ақпанда "Сельские будни" газетінің N 8 жарияланған) 1 тармағы "аудан азаматтары" деген сөздерден кейін "2009 жылы" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                Н. Әутәліпов