Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы, 2 тармағына сәйкес тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыс пен қамтуға көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Успен ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты тобына жататындардың қосымша тізбесі бекітілсін.
2. Успен ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Ж.Шаихова):
1) жұмыс берушілермен (келісім бойынша) шарт бойынша тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын;
2) жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін шарт жасасын.
3. Успен ауданының "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Жүніспаева С.О.) әлеуметтік жұмыс орындарының аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде уақытылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудан әкімі Н.Әутәліпов
Успен ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 27 қаңтар қаулысына
қосымша
Успен ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты
тобына жататындардың қосымша тізбесі
1. Дәрігерлік комиссияның анықтамасы бойынша еңбек етуге шектеуі бар адамдар;
2. Орта жастан жоғары адамдар (50 жастағы және одан жоғары);
3. Жұмыс өтілі және мамандығы жоқ адамдар;
4. Ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жылдан аса);
5. 24 жасқа дейінгі жастар.