2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасынын "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 372 бұйрығымен бекітілген балалардың толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесінің 24-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданының жалпы білім беретін орта мектептер негізінде ұйымдастырылған мектепке дейінгі шағын-орталықтарда баланың тамақтануы үшін ата-ананың ай сайынғы төлемі:
онда балалардың толық күн болуымен 3520 (үш мың бес жүз жиырма) теңге сомасында;
онда балалардың жарты күн болуымен 2520 (екі мың бес жүз жиырма) теңге сомасында бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Шугаев