Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 мамырдағы N 148/4 қаулысы. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 мамырда N 12-6-73 тіркелген

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тұрғындардың нысанды топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі бекітілсін (2-қосымша).
      3. "Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган):
      әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін жүзеге асырсын;
      әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушілермен келісім жасасын.
      4. Железин ауданы әкімдігінің:
      2008 жылғы 18 наурыздағы "Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" N 81/3 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-51 болып тіркелген, 2008 жылғы 29 наурыздағы аудандық "Родные просторы" N 13 газетінде жарияланған);
      2008 жылғы 15 шілдедегі "Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы "Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" N 81/3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" N 225/7 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-57 болып тіркелген, 2008 жылғы 9 тамыздағы аудандық "Родные просторы" N 32 газетінде жарияланған) мыналардың күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 мамырындағы қатынстарға таратылады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ж. Шуғаев

Железин ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 20 мамыр
N 148/4 қаулысына
1-қосымша       

Тұрғындардың нысанды топтарына
жататын тұлғалардың қосымша тізбесі

      Жалғыз басты азаматтар;
      50 және одан үлкен жастағы жұмыс істемейтін тұлғалар;
      бірде бір жұмысшысы жоқ аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жұмыссыздар;
      ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (бір жылдан аса);
      Дәрігерлік Кеңес Комиссиясының аңықтамалары бойынша жұмыс істеуде шектеулігі бар тұлғалар;
      24 жасқа дейінгі жастар;
      бұрын жұмыс істемеген, еңбек өтілдері жоқ 24-жастан аса тұлғалар.

Железин ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 20 мамыр
N 148/4 қаулысына
2 - қосымша     

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағына, 13)- тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орны тұрғындардың нысанды топтары үшін уақытша жұмыс орындарын құру не ұсыну жолдарымен ұйымдастырылады. Жұмыс уақытша болып табылады және жұмыстың ұйымдастырылуы үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланыла алмайды.
      3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін Уәкілетті органға өтінім береді.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеген кезде Уәкілетті орган келесідей талаптарды ескереді:
      1) кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі, салық және басқа міндетті төлемдер бойынша мемлекет алдында берешегінің болмауы;
      2) кәсіпорынмен зейнетақы қоры мен әлеуметтік сақтау Қорына аударымды іске асыруы;
      3) ұсынылатын жұмыс орнындағы еңбекақы мөлшері;
      4) кәсіпорын жұмыскерлеріне еңбекақының уақытылы төленуі;
      5) жұмыс орнының техникалық қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі;
      6) кәсіпорында жұмыс күнінің ұзақтығын белгілеу мәселелерінде Қазақстан Республикасы Еңбек Kодексі нормаларының сақталуы;
      7) жұмыссыз адамға Уәкілетті органмен жасаған келісім мерзімі өткеннен кейін тұрақты жұмыс беру мүмкіндігі.
      5. Жұмыс беруші Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін келісім (бұдан әрі – Келісім) жасайды. Келісімде шарт жасаған жақтардың міндеттері белгіленеді, жұмыс түрлері мен көлемі, еңбекақысының мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен мерзімі, жіберілген жұмыссыз азаматтардың саны.
      6. Уәкілетті орган тұрғындардың нысанды топтарынан шыққан жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналыстыру үшін жолдама береді.
      7. Жұмыс беруші жіберілген жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдайды, онымен еңбек келісімін жасайды, техникалық қауіпсіздік нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады. Жұмыссыздардың әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылу мерзімі алты айға дейін рұқсат етіледі.
      8. Уәкілетті орган қаржыландыру жылына сәйкес, осы мақсаттарға арналған аудандық бюджетпен ескерілген қаражат шегінде, тұрғындардың нысанды топтарынан шыққан жұмыссыздардың еңбекақысын төлеген жұмыс берушілердің шығын бөлігінің өтемақысын жүргізеді.
      Өтемақыны төлеу жұмыс берушілердің есеп шотына аудару жолымен жүргізіледі.
      9. Жұмыс берушілер аудандық бюджет қаражаты есебінен еңбекақыны төлеу бойынша шығындардың орнын толтыру үшін ай сайын ағымдағы айдың 20-на дейін бекітілген тәртіпте Уәкілетті органға: жұмысқа қабылдау туралы бұйрығынан көшірме, жұмыс уақытын есептеу табелін, әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін жұмыскерлерге еңбекақы төлеу ведомісін және орындалған жұмыс актісін ұсынады.
      10. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін орындауды бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.