Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану үшін жалға берудің төлемін белгілеу туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 823/12 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 қаңтарда N 12-3-251 тіркелген

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97- бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 20 тамызындағы "2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын-үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы туралы" N 383 Жарлығы және Қазақстан Республикасы сауда индустриясы Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 395 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік арендалық үйлерде өндіріліп алынған арендалық төлемді есептеу әдістемесі негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ   ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы, Ленин көшесі, 130 мекенжайында орналасқан,  жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға берудің  айсайынғы төлемі жалпы көлемдегі бір шаршы метрге 37,33 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Экибастузкоммунсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны осы үйдің басқарушы субъектісі болып анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В.Дычкоға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев