Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97- бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 20 тамызындағы "2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын-үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы туралы" N 383 Жарлығы және Қазақстан Республикасы сауда индустриясы Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 395 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік жалға берілген үйлерде өндіріліп алынған жалға алу төлемін есептеу әдістемесі негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұхар жырау көшесі, 286 А мекенжайында орналасқан, мемлекеттік тұрғын үй қорының ай сайын жалға берудің төлемі белгіленген жалпы көлемде, бір шаршы метрге 45,68 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Экибастузкоммунсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны осы үйдің басқару субъектісі болып анықталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В.Дычкоға жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев