Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 68/2 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Екібастуз қалалық әкімдігінің 2009 жылы 14 тамыздағы N 497/8 қаулысы. Павлодар облысы Екібастуз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 қыркүйекте N 12-3-242 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 7 мамырдағы N 3-05/74 хаты)

Күшін жойған

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бап 1-тармақ 14-тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихатының (IV шақырылған кезекті XVI сессия) 2009 жылғы 24 шілдедегі "Павлодар облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру ережелері туралы" N 219/16 шешімі және Екібастұз қалалық мәслихатының  (IV шақырылған кезекті XVI сессия) 2009 жылғы 25 сәуірдегі "Екібастұз қаласы бойынша ішкі қалалық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) оқитындарға жол жүру жеңілдігі үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 169/16 шешімі негізінде, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға Екібастұз қаласының азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-217 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпандағы N 7 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған), Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға Екібастұз қаласының азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 68/2 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" N  316/6 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу  Тізілімінде N 12-3-232 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымдағы N 24 "Отарқа" және 2009 жылғы 18 маусымдағы N 25 "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) және 2009 жылғы 29 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға Екібастұз қаласының азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 68/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 353/7 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-235 болып тіркелген, 2009 жылғы 23 шілдедегі N 30 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) қаулыларымен енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен, N 68/2 қаулысына келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) қаулының 2-тармағының 12-тармақшасы алынып тасталсын;
      2) қаулының 3-тармағының 5 және 6-тармақшаларындағы "12" саны алынып тасталсын;
      3) қаулының 3-тармағының 8-тармақшасындағы "тұрғын үй көмегін алатын жалғыз бастылардан басқа" сөздері алынып тасталсын;
      4) қаулының 3-тармағының 14-тармақшасындағы "6 курстағы" саны мен сөзі "соңғы курстардың" сөздерімен ауыстырылсын;
      5) қаулының 3-тармағының 22-тармақшасындағы "аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, 4-ші және одан көп балалы аналардың отбасыларына, ауылдық жерде тұратын жүкті әйелдерге, 12 аптаға дейін есепке тұрған кезде бірінші жүктілігімен" сөздері мен сандары "ауылдық жерде тұратын әйелдердің жүктілігі бойынша; 12 аптаға дейін жүктілігімен есепке тұрған кезде: аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, 4-ші және одан көп балалы аналардың отбасыларына, бірінші рет туғандарға" сандары мен сөздерімен ауыстырылсын;
      6) қаулының 4-тармағының 5-тармақшасындағы "12" саны алынып тасталсын;
      7) қаулының 2-тармағы келесі мазмұндағы 37-тармақшасымен толықтырылсын:
      "37) гемодиализ өткізуде мұқтаж тұлғалар";
      8) қаулының 3-тармағының 13-тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, колледж және кәсіби мектептердің оқушыларына ішкі қалалық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеуде әлеуметтік көмек үшін, сондай-ақ Екібастұз қаласының колледждерінде оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек алатын студенттерге – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсетумен студенттің өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке бас куәлігінің көшірмесі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, оқу орнынан анықтама;
      9) қаулының 3-тармағы келесі мазмұндағы 25-тармақшасымен толықтырылсын:
      "25) 37-тармақшада көрсетілген санат үшін – Павлодар қаласының 1 қалалық емханасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына және тұрғылықты орнына қайта бару жолақы шығындарын төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке басы куәлігінің көшірмесі және гемодиализ курсын алғаны туралы парағы, автомобиль немесе теміржол көліктерінде белгіленген мекенге және қайта тұрғылықты орнына қолданылған жол жүру билеттері.
      Жыл ішінде қайта өтінген жағдайда - өтініш, гемодиализ курсын алғаны туралы парағының көшірмесі, автомобиль немесе теміржол көліктерінде белгіленген мекенге және тұрғылықты орнына қайтуда  қолданылған жол жүру билеттері";
      10) қаулының 4-тармағының 13-тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, колледж және кәсіби мектептердің оқушыларына ішкі қалалық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеуде әлеуметтік көмек үшін, сондай-ақ Екібастұз қаласының колледждерінде оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек алатын студенттерге – "Екібастұз қаласы бойынша ішкі қалалық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүру үшін толық жол жүру билеті бағасының 50% мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек";
      11) қаулының 4-тармағы келесі мазмұндағы 27-тармақшасымен толықтырылсын:
      "27) 37-тармақшада көрсетілген санат үшін – Павлодар қаласының 1 қалалық емханасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына және тұрғылықты орнына қайта бару жолақы шығындарын төлеу жол жүрудің нақты бағасының мөлшерінде".
      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізілетін 1-тармақтың 3-тармақшасын, 2009 жылдың 1 тамызынан бастап енгізілетін 1-тармақтың 1, 2, 6, 7, 9, 11-тармақшаларын қоспағанда, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
      3. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 2009 жылға арналған қалалық бюджет аясында іске асырылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің  орынбасары С.С. Төлеубаевқа жүктелсін.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев