Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 68/2 қаулысына толықтырулармен өзгертулер енгізу туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы N 316/6 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 маусымда N 12-3-232 тіркелген

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті XVI сессия) 2009 жылғы 25 сәуірдегі (IV шақырылған кезекті XI сессия), "Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы "Екібастұз қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" N 129/11 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 166/16 шешімімен жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылғы Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек туралы" (12-3-217 N-мен нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген және 2009 жылғы 29 қаңтарындағы N 5 "Отарқа" және "Вести Экибастуза" газеттерінде жарияланған) N 68/2 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) Қаулының 2 тармағы келесі мазмұндағы 32, 33, 34, 35, 36 тармақшаларымен толықтырылсын:
      "32) жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегi төлемдерi алатын азаматтар, бірақ ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспау қажет;
      33) мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақы алатын азаматтар;
      34) жүктіәйелдер;
      35) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      36) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар".
      2) Қаулының 3-тармағының 9-тармақшасындағы "17 тармақшасында көрсетілген – тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеу үшін тоқсан сайынғы материалдық көмек төлеу үшін" сөздері мен сандары "17, 32, 33 тармақшаларында көрсетілген - үй-коммуналдық қызметтерді өтеу үшін тоқсан сайынғы материалдық көмек төлеу үшін және азық-түлікке бағаның өсуіне байланысты" сөздеріне және сандарына ауыстырылсын;
      3) Қаулының 3-тармағының 13-тармақшасы келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жетім балаларға және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 2009-2010 оқу жылына оқу ақысын төлеу үшін төтенше жағдайға тап болған студенттерге Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындарында және колледждерінде оқу ақысын төлеу үшін – "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсетумен студенттің өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке бас куәлігінің көшірмесі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, студенттің және Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындарының және/немесе колледждерінің басшыларымен қол қойылған білім беру қызметін көрсетуге келісімшарт";
      4) Қаулының 3-тармағының 17-тармақшасын келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына және тұрғылықты орнына қайта бару жолақы шығындарын төлеу үшін - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсетумен өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке басы куәлігінің көшірмесі және онколог-дәрігерінің кеңес беру қабылдауының парағы, автомобиль немесе теміржол көліктерінде белгіленген мекенге және қайта тұрғылықты орнына қолданылған жол жүру билеттері. Жыл ішінде қайта өтінген жағдайда - өтініш, онколог-дәрігерінің кеңес беру қабылдауы парағының көшірмесі, автомобиль немесе теміржол көліктерінде белгіленген мекенге және тұрғылықты орнына қайтуда қолданылған жол жүру билеттері";
      5) Қаулының 3 тармағы келесі мазмұндағы 22, 23, 24 тармақшалармен толықтырылсын:
      "22) 34-тармақшада көрсетілген санат үшін – 12 аптаға дейін есепке тұрған жағдайда бірінші жүктілігімен, ауыл жерлерінде тұратын әйелдерге, 4 балаға көпбалалы отбасылардан, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жүкті әйелдерге біржолғы материалдық көмек үшін – тегінің, атының, әкесінің атының, мекенжайының, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы Екібастұз қаласының емдеу-сауықтыру жұмысын үйлестіру бөлімі ұсынатын мәртебесінің көрсетуімен тізімдер (келісім бойынша);
      23) 35-тармақшада көрсетілген санат үшін – азық-түлікке бағаның өсуіне байланысты тоқсан сайынғы материалдық көмек төлемдері үшін - баланың тегінің, атының, әкесінің атының және қамқоршысының, туған жылының, мекенжайының, "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен ұсынылған "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсетумен тізімдер;
      24) 36-тармақшада көрсетілген санат үшін - азық-түлікке бағаның өсуіне байланысты тоқсан сайынғы материалдық көмек төлемдері үшін - тегінің, атының, әкесінің атының, туған жылының, Бөлімнің әлеуметтік көмек секторымен ұсынылатын "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірін көрсетумен тізімдер";
      6) Қаулының 4-тармағының 9-тармақшасындағы "17-тармақшадағы – 2 АЕК мөлшеріндегі тоқсан сайынғы материалдық көмек" сөздері мен сандары "17, 32, 33 тармақшаларындағы – 2 АЕК мөлшерінде азық-түлікке бағаның өсуіне байланысты, 2 АЕК мөлшеріндегі тұрғын-үй коммуналдық қызметтерді өтеу үшін тоқсан сайынғы материалдық көмек төлемдері үшін" сөздері мен сандарына ауыстырылсын";
      7) Қаулының 4-тармағының 10-тармақшасындағы "3500 теңге мөлшеріндегі" деген сөздер мен сандар "5000 теңге мөлшерінде" сөздері мен сандарына ауыстырылсын;
      8) Қаулының 4-тармағының 13-тармақшасындағы "5000 теңге мөлшерінде" сөздері мен сандары "7000 теңге мөлшерінде" келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "Екібастұз қаласының жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің  студенттері үшін – оқу бағасының нақты мөлшерінде 2009-2010 оқу жылына оқу ақысын төлеу үшін біржолғы материалдық көмек";
      9) Қаулының 4-тармағының 17-тармақшасы келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына және тұрақы тұратын жеріне қайта жол жүрудің нақты бағасының мөлшерінде жол жүру шығындарын төлеу";
      10) Қаулының 4-тармағы келесі мазмұндағы 25, 26 тармақшаларымен толықтырылсын:
      "25) 34-тармақшада көрсетілген санат үшін – 5000 теңге мөлшеріндегі біржолғы материалдық көмек;
      26) 35, 36-тармақшаларда көрсетілген санат үшін – 2 АЕК мөлшерінде азық-түлікке бағаның өсуіне байланысты, тоқсан сайынғы материалдық көмек".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 сәуірінен күшке енетін осы Қаулының 2 және 4-тармақшаларынан, 5-тармақшаның 2 және 3 азат жолдарынан, 1-тармақтың 10-тармақшасының 2 азат жолынан басқа 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын құқықтық қатынаста таратылады.
      3. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру 2009 жылға арналған қалалық бюджет аясында іске асырылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің  орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н.Нәбиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Павлодар облысының денсаулық
      сақтау басқармасы бастығының
      орынбасары
      2009 жылғы 28 мамыр                        М. Сүлейменов