Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес сессия ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 24 шілдедегі (IV сайланған XVI сессиясы) "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Ережесі туралы" N 219/16 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3140 болып тіркелген, 2009 жылғы 25 тамыздағы "Сарыарка Самалы" N 98 газетінде, 2009 жылғы 25 тамыздағы "Звезда прииртышья" N 98 газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жоғарыда аталған шешіммен бекітілген "Павлодар облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Ережесінің" 5-тармағында "облыс (қала, аудан) құрылған күні" деген сөздер жойылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы Ю. Әлекпаров
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров