Камышин селолық округінің Камышин Чандак селосындағы құрамдас бөліктердің қайта атауы туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин селолық округі Әкімінің 2009 жылғы 16 қазандағы № 17 шешімі. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қарашада № 9-20-162 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және Федоров ауданының Камышин селолық округінің Камышин Чандак селосындағы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
      1. Камышин селолық округінің Камышин Чандак селосындағы Рабочая көшесіне Турар Рыскулов көшесі деп қайта атауы берілсін.
      2. Камышин селолық округінің Камышин Чандак селосындағы Озерная көшесіне Иван Братышев көшесі деп қайта атауы берілсін.
      3. Камышин селолық округінің Камышин Чандак селосындағы Набережная көшесіне Мусабек Оспанов көшесі деп қайта атауы берілсін.
      4. Камышин селолық округінің Камышин Чандак селосындағы Русская тұйық көшесіне Михаил Ольховский тұйық көшесі деп қайта атауы берілсін.
      5. "Камышин селолық округінің Камышин Чандак селосындағы құрамдас бөліктердің атауы туралы" Камышин селолық округі әкімінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 27 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-121 болып тіркелген, 2009 жылдың 9 қантардағы "Федоровские новости" газетінде жарияланған).
      6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аким                                       Б. Бектұрғанов