Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 128 шешімі. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 қаңтарда № 9-19-88 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238–бабының 2-тармағын орындау үшін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабының 1–тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

      2. Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 112 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессиясының
      төрайымы                                   Г. Абильмажинова

      Ұзынкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В. Вербовой

      КЕЛІСІЛДІ