Әулиекөл селосындағы көшені қайта атау туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әуликөл селосы әкімінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 3 шешімі. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 желтоқсанда № 9-7-108 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасының және 2009 жылдың 30 қазандағы Зеленый клин көшесі тұрғындарының жиынының негізінде ШЕШТІМ:
      1. Әулиекөл селосындағы Зеленый клин көшесі Сұлтан Еркембаев атындағы көше деп қайта аталсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл
      селосының әкімі                            А. Лыфарь