"2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 25 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 357 қаулысы. Қостанай облысы Лисаков қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 шілдеде № 9-4-147 тіркелді 

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес және халықты әлеуметтік қорғаудың нысандарын анықтау кезінде бірыңғай тұрғысын жасау мақсатында Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-137 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 ақпандағы № 9 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған ) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "жұмыс берушінің таратылуына, жұмысшылар санының немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылғандар;
      толымсыз жұмыс уақыты тәртібінде жұмыспен қамтылған тұлғалар;
      ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемеген тұлғалар;
      жұмыс тәжірибесіз өткен жылғы мектеп бітіруші түлектер;
      18 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар".
      2. Осы қаулы оны алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 В. Полешко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________________ Л. Сидорова
      2009.06.16