Біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 275 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда № 9-2-152 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. Рудный қаласының әкімшілік аумағында біржолғы талондардың құны белгіленсін:
      базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін 1-қосымшаға сәйкес;
      қызметі дүркін-дүркін сипаттағы жеке тұлғалар үшін 2-қосымшаға сәйкес.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рудный қалалық мәслихатының тексеру комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың оныншы
      кезекті сессиясының төрағасы               И. Шульга

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігі Салық комитетінің
      Қостанай облысы бойынша салық
      департаменті Рудный қаласы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ Е. Зикеев
      23.12.2009

Мәслихаттың         
2009 жылғы 23 желтоқсандағы 
№ 275 шешіміне 1-қосымша   

Рудный қаласының әкімшілік аумағында базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны

      Ескерту. 1-Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2010.05.25 № 315 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

Рет
бойынша

Қызметтің түрі

Сауда
ауданы

Біржолғы
талондардың
құны (теңге)

1

Гүлдер сату

Бір сауда
орны

130

2

Азық-түлік емес
тауарларын
сату
(автомобильдердің
қосалқы
бөлшектерінен,
автомобиль
резеңкелерінен
басқа)

Бір сауда
орны

150

3

Автомобильдердің
қосалқы
бөлшектерін және
автомобиль
резеңкелерін сату

Бір сауда
орны

175

4

Азық-түлік
тауарларын
сату
(ет басқа)

Бір сауда
орны

130

5

Ет сату

Бір сауда
орны

250

        

Мәслихаттың         
2009 жылғы 23 желтоқсандағы 
№ 275 шешіміне 2-қосымша  

Рудный қаласының әкімшілік аумағында қызметі дүркін-дүркін сипаттағы жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны

р/
с

Қызметтің
түрі

Сауда
ауданы

Біржолғы
талондардың
құны (теңге)

Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын
қызметтерді қоспағанда):

1

газеттер мен журналдарды

Бір сауда орны

80

2

тұқым, сондай-ақ
отырғызылатын материалдары
(екпелер, көшет)

Бір сауда орны

80

3

бақша дақылдарын

Бір сауда орны

150

4

бал

Бір сауда орны

90