"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармақшасының, 20-бабы 5-тармағының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармақтың 13-тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесінің 6, 7, 8-тармақтарының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыссыздарға жалақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру көзі Рудный қаласының қалалық бюджеті болып белгіленсін.
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде көрсетілген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері қосымшаға сәйкес тізбеде белгіленген ұйымдар көрсететін жұмыстар мен қызметтерге төлеу кезінде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін ескерсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының
әкімі Н. Денинг
КЕЛІСІЛДІ
Рудный қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 20 қаңтардағы
№ 9 қаулысына қосымша
Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері,
көлемі, қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыссыздарға
жалақы төлеу мөлшері
№ |
Кәсіпорындардың атауы |
Жұмыстардың түрлері |
Жұмыстардың көлемдері |
Жалақы төлеу |
1 |
"Қашар поселкесі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Әртүрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуде күнделікті көмек көрсету |
250 адамкүн |
Ең аз жалақының 1,5 мөлшері |
2 |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қостанай облысы бойынша салық департаментінің Рудный қаласы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Әртүрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуде және халықпен жұмыс істеуде күнделікті көмек көрсету |
1250 адамкүн |
Ең аз жалақының 1,5 мөлшері |
3 |
"Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Рудный қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Әртүрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуде және халықпен жұмыс істеуде күнделікті көмек көрсету |
1750 адамкүн |
Ең аз жалақының 1,5 мөлшері |
4 |
"Қостанай облысы Рудный қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Әртүрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуде, әскери қызметін атқару үшін азаматтарды шақыру бойынша шақыру қағаздарды ресімдеуде және жеткізуде күнделікті көмек көрсету |
750 адамкүн |
Ең аз жалақының 1,5 мөлшері |
5 |
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қостанай облысы Әділет департаментінің Рудный қаласының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Әртүрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуде және халықпен жұмыс істеуде күнделікті көмек көрсету |
1000 адамкүн |
Ең аз жалақының 1,5 мөлшері |
6 |
"Рудный қалалық мемлекеттік мұрағаты" "Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесінің филиалы |
Әртүрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуде және халықпен жұмыс істеуде күнделікті көмек көрсету |
500 адамкүн |
Ең аз жалақының 1,5 мөлшері |
7 |
Рудный қаласы әкімдігінің "Зеленстрой" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Рудный қаласының аумағын көгалдандыру бойынша жұмыстарда күнделікті көмек көрсету |
2520 адамкүн |
Ең аз жалақының 2 мөлшері |
8 |
Рудный қаласы әкімдігінің "РАХАТ" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Рудный қаласы көшелерінің жүргінші жолын бойлайтын жиектерін үнемі қолмен тазарту |
8780 адамкүн |
Ең аз жалақының 2 мөлшері |
9 |
"Качарец" пәтерлер иелерінің тұтыну кооперативі |
Қашар поселкесінің аумағын күнделікті жинауда және абаттандыруда көмек көрсету |
3750 адамкүн |
Ең аз жалақының 2 мөлшері |