"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 6) тармақшасына, 11-бабына сәйкес және жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есепке ала отырып Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Барлық тұрғындардың көшіп кетулеріне және қоныс аударуларына байланысты мына елді мекендер таратылсын:
Жангелдин ауданы Албарбөгет селолық округінің Жартоғай селосы,
Жангелдин ауданы Қызбел ауылдық округінің Шобан селосы,
Науырзым ауданы Шолақсай селолық округінің Қазан селосы.
2. Тұрғындар саны 50 – ден кем емес мынадай селолар таратылсын:
Жангелдин ауданы Ақшығанақ селолық округінің Ақмедия селосы,
Жангелдин ауданы Ақшығанақ селолық округінің Қазасалған селосы,
Меңдіқара ауданы Борков селолық округінің Новоборки селосы,
Меңдіқара ауданы Буденный селолық округінің Маков селосы,
Меңдіқара ауданы Введен селолық округінің Каренин селосы,
Меңдіқара ауданы Краснопреснен селолық округінің Целинный селосы,
Меңдіқара ауданы Теңіз селолық округінің Талапкер селосы,
Науырзым ауданы Қарамеңді селолық округінің Киев селосы,
Науырзым ауданы Қарамеңді селолық округінің Новострой селосы,
Науырзым ауданы Науырзым селолық округінің Науырзым селосы,
Федоров ауданы Қоржынкөл селолық округінің Костычев селосы,
Федоров ауданы Костряков селолық округінің Новоукраин селосы.
3. Таратылған селолық елді мекендер мына селолардың құрамына енгізілсін:
Ақмедия селосы Жангелдин ауданы Ақшығанақ селолық округінің Ақшығанақ селосының құрамына,
Қазасалған селосы Жангелдин ауданы Ақшығанақ селолық округінің Ақшығанақ селосының құрамына,
Новоборки селосы Меңдіқара ауданы Борков селолық округінің Борки селосының құрамына,
Маков селосы Меңдіқара ауданы Буденный селолық округінің Буденный селосының құрамына,
Каренин селосы Меңдіқара ауданы Введен селолық округінің Введен селосының құрамына,
Целинный селосы Меңдіқара ауданы Краснопреснен селолық округінің Красная Пресня селосының құрамына,
Талапкер селосы Меңдіқара ауданы Теңіз селолық округінің Теңіз селосының құрамына,
Киев селосы Науырзым ауданы Қарамеңді селолық округінің Қарамеңді селосының құрамына,
Новострой селосы Науырзым ауданы Қарамеңді селолық округінің Қарамеңді селосының құрамына,
Науырзым селосы Науырзым ауданы Науырзым селолық округінің Қожа селосының құрамына,
Костычев селосы Федоров ауданы Қоржынкөл селолық округінің Лесной селосының құрамына,
Новоукраин селосы Федоров ауданы Костряков селолық округінің Запасный селосының құрамына.
4. Қамысты ауданының Алтынсарин селолық округі Алтынсарин селосы,
Науырзым ауданының Науырзым селолық округі Қожа селосы,
Науырзым ауданының Шолақсай селолық округі Шолақсай селосы болып қайта құрылсын.
5. Осы бірлескен шешім мен қаулы, оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі төрағасы |
Қостанай облыстық мәслихатының кезекті, тоғызыншы сессияның төрайымы |
|
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |