Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 45 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 19 ақпанда № 3670 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбқа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.06.01 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.06.01 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Кулагин

Әкімдіктің        
2009 жылғы 20 қаңтардағы 
№ 45 қаулысына қосымша  

Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдық
(селолық) жерде жұмыс істейтін және кемінде
жиырма бес процент жоғары лауазымдық жалақылар
мен тарифтік ставкаларды белгіленетін денсаулық
сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының
тізбесін белгілеу туралы

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.06.01 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен.

      1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) бөлімшенің, зертхананың басшысы;
      3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
      4) акушер;
      5) тәрбиеші;
      6) емдәм бикесі;
      7) тіс дәрігері;
      8) тіс технигі;
      9) мейір бике;
      10) медициналық статистик;
      11) медициналық зертханашы;
      12) провизор;
      13) психолог;
      14) рентген зертханашысы;
      15) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      16) фармацевт;
      17) фельдшер (-зертханашы);
      18) дәріхана меңгерушісі.

      2. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:

      1) интернат директоры;
      2) барлық мамандық дәрігерлері;
      3) медициналық бике;
      4) зертханашы;
      5) емдәм бикесі;
      6) мәдени ұйымдастырушы.
      7) жұмысшыларды даярлау жөніндегі нұсқаушы;
      8) медициналық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары;
      9) аудармашы (мемлекеттік тілді білуі);
      10) заңгер;
      11) кітапханашы (кітапхана болған жағдайда);
      12) аға мейірбике;
      13) дәріхана меңгерушісі;
      14) дезинфектор;
      15) акушер, фельдшер;
      16) физиокабинет мейірбикесі (10 мың шартты ем-шаралық бірлікке);
      17) емдеу-дене шынықтыру инструкторы (кабинет болған жағдайда);
      18) дефектолог мұғалім (сынып болған жағдайда);
      19) психолог;
      20) музыкалық жетекші (кабинет болған жағдайда);
      21) еңбек жөніндегі инструктор;
      22) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      23) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      24) фармацевт;
      25) логопед;
      26) әдіскер;
      27) медициналық бөлімшенің меңгерушісі.

      3. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      1) кәсіптік мектептің, кәсіптік лицейдің, колледждің, училищенің, арнайы түзету ұйымы мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың барлық мамандықтағы мұғалімдері;
      2) кәсіптік мектептің, кәсіптік лицейдің, колледждің, училищенің, арнайы түзету ұйымы мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың директоры (меңгерушісі);
      3) балалар үйінің, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған жетім – балалар мен балаларға арналған мектеп-интернаттың, балалар мен жасөспірімдерге арналған баспананың директоры (меңгерушісі);
      4) дене тәрбиесінің басшысы;
      5) алғашқы әскери даярлық басшысы;
      6) ғылыми, оқу, оқу - өндірістік, оқу – тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі, бейінді оқыту жөніндегі, жалпы білім беретін мектептер, мектеп – интернаттар мен бастауыш орта және кәсіптік орта, қосымша білім берудің басқа да ұйымдарының ақпараттық технологиялары жөніндегі директордың орынбасары;
      7) білім беру ұйымдарындағы бөлімше меңгерушісі;
      8) әлеуметтік педагог;
      9) педагог-ұйымдастырушы;
      10) қосымша білім беру педагогы;
      11) педагог-психолог;
      12) орта кәсіптік оқу мекемелерінің оқытушысы;
      13) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      14) музакалық жетекші;
      15) аға жетекші;
      16) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
      17) психолог – педагогикалық кеңес меңгерушісі;
      18) лагерь бастығы (қорғаныс – спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс);
      19) оқушылардың кәсіби практикасының басшысы;
      20) оқу-өндірістік (оқыту) шеберханасының меңгерушісі;
      21) зертхананың, кабинеттің меңгерушісі;
      22) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
      23) мәдени ұйымдастырушы;
      24) аға әдістемеші, әдістемеші;
      25) өндірістік оқыту шебері;
      26) аға шебері;
      27) аккомпаниатор;
      28) концертмейстер;
      29) студиялар, клубтар басшылары;
      30) медициналық бике;
      31) емдәм бикесі;
      32) кітапханашы;
      33) кітапхана меңгерушісі;
      34) дәрігер;
      35) сурдопедагог;
      36) тифлопедагог;
      37) психолог – педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;
      38) ансамбльдің көркемдік жетекшісі;
      39) балетмейстер;
      40) хормейстер;
      41) жаттықтырушы-оқытушы;
      42) жүзу жөніндегі нұсқаушы-әдістемеші;
      43) туризм жөніндегі әдістемеші - нұсқаушы;
      44) алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы.

      4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) ұйымның директоры, басшысы, бастығы;
      2) бөлімше басшысы;
      3) директордың, басшының, бастықтың орынбасары;
      4) сектордың, бөлімнің, қор қоймасының меңгерушісі;
      5) сектор басшысы;
      6) суретші-ресімдеуші, суретші-реставратор, қоюшы суретші;
      7) бейнеоператоры;
      8) аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер;
      9) мұражайдың бас күзетшісі, қор күзетшісі;
      10) экскурсовод;
      11) қараушы, мұражай қараушысы;
      12) сақтау жөніндегі маман;
      13) әдістемеші, аға әдістемеші, жетекші әдістемеші;

      5. Мұрағат мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме филиалының басшысы;
      2) мұрағатшы;
      3) археограф;
      4) қор сақтаушы.

      6. Спорт мамандарының лауазымдары:

      1) басшы, директор;
      2) директордың, басшының оқу жұмысы жөніндегі орыннбасары;
      3) нұсқаушы, нұсқаушы-әдістемеші;
      4) дәрігер;
      5) медициналық зертханашы;
      6) мейір бике;
      7) әдістемеші;
      8) психолог;
      9) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.