Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 8, 11 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Маңғыстау селосы бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері №№ 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Кенджикараев
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
бастығының м.а.
С. Тұрмағамбетов.
«____»______________ 2009 жыл.
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 15/161 шешіміне 1 қосымша
Ескерту: 1 қосымша қағаз нұсқада.
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 15/161 шешіміне 2 қосымша
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және Маңғыстау селосы жер аймақтарының сипаттамасы
Аймақтар №№ |
Аймаққа енетін аумақтар |
Бағалық аймақ бойынша коэффициенттер |
1 |
селитебтік, екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы салынған орталық бөлігі енетін аймақ. |
2,0 |
2 |
Өнеркәсіптік аймақ |
1,8 |
3 |
селитебтік, тұрғын массиві кіретін жеке тұрғын үй құрылысы салынған аймақ. |
1,6 |
Аймақтардың сипаты
1-ші аймақ - селитебтік, екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы салынған орталық бөлігі енеді. Бұл жердегі негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беретін мектептер, спорт мектебі, мәдениет үйі, байланыс үйі, кітапхана, емхана, ауруханалық қалашық, мешіт, базар, қонақ үйі, ұсақ дүкендер желісі, кафелер, мейрамханалар шоғырланған.
2-ші аймақ - өнеркәсіптік аймақ.
3-ші аймақ - селитебтік, тұрғын массиві кіретін жеке тұрғын үй құрылысы салынған аймақ.