Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 8, 11 баптарына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Басқұдық ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері №№1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1 тармағында «селолық» деген сөз «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын- Мұнайлы аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 27/278(жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Кенджикараев
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы ауданы бойынша
салық басқармасы» бастығы
А.Тумышева
«____»___________2009 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
бастығының м.а.
С. Тұрмағамбетов.
«____»______________ 2009 жыл.
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 15/160 шешіміне 1 қосымша
Ескерту: 1 қосымша қағаз нұсқада.
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 15/160 шешіміне 2 қосымша
Ескерту. тақырыбында «селолық» деген сөз «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын- Мұнайлы аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 27/278(жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Басқұдық ауылдық округі жерлері аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттері
Аймақтар №№ | Аймаққа енетін аумақтар | Салық салу коэффициенттер |
---|---|---|
1 |
Өнеркәсіптік аймақ |
1,5 |
2 |
Қоғамдық- іскерлік аймақ, екі қабатты және жеке үй құрылысы салынған орталық бөлігі енетін аймақ. |
1,5 |
3 |
Резервтегі аймақ(өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы) |
1,4 |
4 |
Резервтегі аймақ |
1,4 |
Аймақтардың сипаты
1-ші аймақ - Өнеркәсіптік аймақ
2-ші аймақ - Қоғамдық- іскерлік аймақ, екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы салынған орталық бөлігі енеді. Бұл жердегі негізгі әкімшілік ғимараттар, емхана, ұсақ дүкендер желісі, шағын бизнес объектілері шоғырланған.
3-ші аймақ - Резервтегі аймақ. (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)
4-ші аймақ - Резервтегі аймақ.