Басқұдық селолық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері туралы

Мұнайлы ауданы мәслихатының 2009 жылғы 8 мамырдағы № 15/159 шешімі. Мұнайлы ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 маусымда № 11-7-43 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 8,11 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Басқұдық селолық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері №№ 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                                Н. Кенджикараев
      Аудандық мәслихат  хатшысы                     Б. Назар

«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
бастығының м.а.
С. Тұрмағамбетов.
«____»______________ 2009 жыл.

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 15/159 шешіміне 1 қосымша

      Ескерту: 1 қосымша қағаз нұсқада.

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 15/159 шешіміне 2 қосымша

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері және Басқұдық селолық округі жер аймақтарының сипаттамасы

Аймақтар №№

Аймаққа енетін аумақтар

Бағалық аймақ бойынша коэффициенттер

1

Өнеркәсіптік аймақ

2,0

2

Қоғамдық- іскерлік аймақ, екі қабатты және жеке үй құрылысы салынған орталық бөлігі енетін аймақ.

1,8

3

Резервтегі аймақ(өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)

1,6

4

Резервтегі аймақ

1,4

Аймақтардың сипаты

      1-ші аймақ - Өнеркәсіптік аймақ

      2-ші аймақ - Қоғамдық- іскерлік аймақ, екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы салынған орталық бөлігі енеді. Бұл жердегі негізгі әкімшілік ғимараттар, емхана, ұсақ дүкендер желісі, шағын бизнес объектілері шоғырланған.

      3-ші аймақ - Резервтегі аймақ. (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)

      4-ші аймақ - Резервтегі аймақ.