Тұщықұдық селосы көшесіне А.Қ. Қодаровтың атағын беру туралы

Маңғыстау ауданы әкімдігі Тұщықұдық селосы әкімінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 02 шешімі. Маңғыстау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 мамырда N 11-5-80 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:

      1. Тұщықұдық селосындағы К. Әріпов пен М. Жаймағанбетовтың және Ж. Өтешов пен Е. Жұмағазиннің үйінің аралығындағы көшеге Қодаров Амангелді Қалиұлының атағы берілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күн тізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

Село әкімі м.а.  А. Қайрадинова