Жаңа көшелерге есімдер беру туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігі мен Бейнеу селосы әкімінің 2009 жылғы 6 ақпандағы № 38 шешімі. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 наурызда № 11-3-73 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Заңының 14 бабының 4) тармағына сәйкес және село халқының пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:

      1. Бейнеу селосының атамекен шағын ауданындағы Қаржаубай Жылқыбаев көшесінен кейінгі жаңа көшенің

      бірінші қатары: "Бейнеу-Ақтау" темір жол бетінен бастап "Атамекен" мектебіне дейін мектептен "Қиғаш-Ақтау-Бейнеу" су құбырына дейінгі аралыққа Тұрыш Ата есімі,

      екінші қатары: "Бейнеу-Ақтау" темір жол бетінен бастап "Атамекен" мектебіне дейін мектептен "Қиғаш-Ақтау-Бейнеу" су құбырына дейінгі аралыққа Қарақоға;

      үшінші қатары: "Бейнеу-Ақтау" темір жол бетінен бастап "Атамекен" мектебіне дейін мектептен "Қиғаш-Ақтау-Бейнеу" су құбырына дейінгі аралыққа Қарағайлы,

      төртінші қатары: Шоғы батыр,

      бесінші қатары: Қосарқан,

      алтыншы қатары: Шахан,

      жетінші қатары: Уәлі,

      сегізінші қатары:Сайқұдық,

      тоғызыншы қатары: Опорная,

      оныншы қатары: Мұрын жырау,

      он бірінші қатары: Манашы,

      он екінші қатары: Айрақты,

      он үшінші қатары: Жайылған,

      он төртінші қатары: Дағар,

      он бесінші қатары: Шаршы,

      он алтыншы қатары: Құсшы,

      он жетінші қатары: Күйкен,

      он сегізінші қатары: Есенқазақ,

      он тоғызыншы қатары: Теректі,

      жиырмасыншы қатарына Шүңкілдек есімдері берілсін.

      Ескерту. 1 - тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігі мен Бейнеу селосы әкімінің 29.07.2009 № 329 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1.1.Бейнеу селосындағы Қосай Ата көшесі мен С.Бейбарыс көшесін қосатын,

      бойында "Арна" қонақ үйі орналасқан көшеге Төремұрат есімі берілсін.

      Ескерту. Шешім 1-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігі мен Бейнеу селосы әкімінің 29.07.2009 № 329 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Село әкімінің
      міндетін атқарушы: Б.Мұхамединов