Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 10 наурыздағы №274 «Мемлекет басшысының 2009 жылы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» және Облыс әкімдігінің 2009 жылы 16 наурыздағы № 746-1 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған Іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі Іc-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулыларын іске асыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала әкімдігінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 2009 «Жаңаөзен қаласы бойынша 2009 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықытық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-96 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің №4 (1391) 2009 жылы 28 қаңтарында жарияланған), 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 690 «Жаңаөзен қаласы бойынша 2009 жылға арналған нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 2009 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11-2-105 тіркелген, Жаңаөзен газетінің № 20 (1407) 2009 жылы 20 мамырында жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін:
аталған қаулының 2 қосымшасы қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес толықтырылсын.
2. Осы каулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Ж.Бабаханов
КЕЛІСІЛДІ:
М.И.Абубикиров ___________
« 21 » мамыр 2009ж.
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Н.Б.Ғұмарова _____________
« 21 » мамыр 2009ж.
«Қалалық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Р.К.Джантлеуова ___________
« 21 » мамыр 2009ж.
«Қалалық қаржылар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қала әкімдігінің
2009 жылғы « 21 » мамырдағы
№ 853 қаулысына қосымша
2009 жылы халықтың нысаналы топтарына арналған Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын қосымша әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық мекемелердің тізбесі және еңбекақы мөлшері
№ |
Мекемелердің атаулары |
әлеуметтік жұмыс орын (адам) |
Республикалық бюджеттен төленетін еңбекақы мөлшері /теңге/ |
Жұмыс мерзімі |
Жұмыс көлемі |
||
барлығы |
Соның ішінде мүгедектер |
Оралмандар саны |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
«Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
135 |
4 |
54 |
15000 /он бес мың/ |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
2 |
«Өзенкөктем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
85 |
3 |
34 |
15000 /он бес мың/ |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
3 |
«Өзенгазсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
10 |
1 |
4 |
15000 /он бес мың |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
4 |
«Өзенғимаратсервис» пәтер иелері кооперативтернің қауымдастары |
200 |
7 |
82 |
15000 /он бес мың/ |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
5 |
«Өзендархан» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
100 |
3 |
40 |
15000 /он бес мың/ |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
6 |
«Био Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
1 |
|
|
15000 /он бес мың/ |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
7 |
«Перизат» шаруа қожалығы |
14 |
|
6 |
15000 /он бес мың/ |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
8 |
«Өрт сөндіру қызметі-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
25 |
|
10 |
15000 /он бес мың/ |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
9 |
«Сильва-Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
1 |
|
|
15000 /он бес мың/ |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
10 |
Жеке кәсіпкер «Худайбергенова Ә.» |
1 |
|
|
15000 /он бес мың/ |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
11 |
Жеке кәсіпкер «Чалабаева М.И.» |
2 |
|
|
15000 /он бес мың/ |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
12 |
«Жаңаөзен политехникалық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
1 |
|
|
15000 /он бес мың/ |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
13 |
Жеке кәсіпкер «Бекенов М.» |
10 |
|
4 |
15000 /он бес мың/ |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
14 |
«Өзенжылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны |
15 |
|
6 |
15000 /он бес мың/ |
6 айға дейін |
Келісіміне сай |
|
БАРЛЫҒЫ |
600 |
18 |
240 |
|
|