Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 53 бабы 1 тармағы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, сондай - ақ 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 3 бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-57 болып тіркелген, 2007 жылғы 14 шілдедегі № 121-122 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне, 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 7/68 «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-81 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 мамырдағы № 74-75 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне, 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 15/141 «Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-101 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 желтоқсандағы № 207-208 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
осы шешімнің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне және атаулы даталарына әлеуметтік төлемді алуына құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттары» 1 - ші қосымшасының 12 тармағындағы «Қазақстан Республикасы Күніне (25 қазан)» деген сөздері «Қазақстан Республикасының Конституция күніне (30 тамызға)» деген сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Е.Қосмағанбетов
Қалалық мәслихат хатшысы Ж. Матаев
КЕЛІСІЛДІ:
«Ақтау қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің бастығы
К.Айтбатырова
2009 жылы 16 қазан