Шиелі кенті, "Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге Сағынтай Есеновтың есімін беру туралы

Қызылорда облысы Шиелі кенті әкімінің 2009 жылғы 09 желтоқсандағы N 787 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 21 қаңтарда N 10-9-102 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа алып, Аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 2 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1.Шиелі кенті, "Көкшоқы" мөлтек ауданына қарасты
"Айналайын" бала - бақшасының батыс бетіндегі атауы жоқ көшеге, облыстық және аудандық білім беру жүйесіне зор үлесін қосқан, елеулі еңбек сіңірген, еңбек ардагері болған Сағынтай Есеновтің есімі берілсін.
      2.Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3.Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды кент әкімінің
орынбасары Түменов Ермаханға жүктелсін.


      КЕНТ ӘКІМІ                                        М. МОЛДАБАЕВ