Аудан әкімдігінің 6 сәуір 2009 жылғы N 190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі N 390 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қазанда N 10-7-79 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңының 31 бабына және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 18 қыркүйек 2009 жылғы N 1392 санды қатынас-хатына сәйкес аудан әкімдігі Қаулы етеді:
      1. Жаңақорған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Жұматов Оразалы Жұматұлының қызметінен босап, Қазақстан Республикасы Министрінің бірінші орынбасары-штабтар бастықтары комитеті төрағасының 27 тамыз 2009 жылғы N 088 бұйрығымен Жаңақорған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы болып Әлімбетов Сабырхан Қалиханұлы тағайындалуына байланысты, аудан әкімдігінің 6 сәуір 2009 жылғы "Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 190 қаулысымен (мемлекеттік тіркеу тізілімі N 10-7-70. 10.04.2009 жыл, "Жаңақорған тынысы" газетінің 18 сәуір 2009 жылғы N 31 санында жарияланған) бекітілген аудандық шақыру комиссиясының төрағалығынан Жұматов Оразалы Жұматұлы босатылып, комиссия төрағасы болып Әлімбетов Сабырхан Қалиханұлы (келісімі бойынша) бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі                      Б.Еламанов

      "Келісілді"
      Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
      бөлім бастығы Әлімбетов Сабырхан
      Қалиханұлы____________23.09.2009ж