Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына, 18 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағы 4 тармақшасына, 18 бабының 5 тармағына және аудан әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 233 қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсету нұсқаулығы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс ХV сессиясының төрағасы
Аудандық Мәслихат хатшысы
С. ДҮЙСЕБЕКОВ
Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы
4 мамырдағы кезектен тыс ХV
сессиясының N 134 шешіміне
қосымша
Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді.
Осы нұсқаулық ауылдық жерде және қала типіндегі кенттерде жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу тәртібін айқындайды.
Отын сатып алу үшін берілетін әлеуметтік көмекті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді, (әрі қарай уәкілетті орган).
2. Әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін
әлеуметтік көмек.
Ауылдық елді мекенде және қала типіндегі кентте тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек жыл сайын жергілікті бюджет қаражаты есебінен бекітілген мөлшерде беріледі. Жоғарыдағы аталған отын сатып алуға әлеуметтік көмек алатын мамандар тізбесіне төмендегідей болып белгіленсін:
1) Білім беру мекемелерінде, мемлекеттік білім беру саласының педагог қызметкерлері мен мамандарына;
2) Денсаулық сақтау мекемелерінде: медицина және фармацевтика қызметкерлері мен мамандарына;
3) Әлеуметтік қамсыздандыру саласы: әлеуметтік қорғау бөлімшелерінің әлеуметтік қызметкерлері мен мамандарына;
4) Мәдениет және спорт саласы: мәдениет және спорт мекемелерінің қызметкерлері мен мамандарына;
3. Әлеуметтік көмек берудің тәртібі.
1. Әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуына қарамастан ауылдық елді-мекенде және қала типті кенттерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарының отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек алуға мүмкіндігі бар. Егер отбасында бірнеше мүшесінің әлеуметтік көмекке құқығы бар болса, онда көмек отбасының бір ғана мүшесіне беріледі. Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек жылына бір мәрте беріледі. Жоғарыдағы көрсетілген әлеуметтік салалар бойынша әрбір маман жыл сайын отын сатып алуға өтініш жасай алады.
2. Осы нұсқаулық бойынша аталған әлеуметтік қолдау шараларын алатын мамандарының құжаттарын дайындап, (бір үйден екі немесе одан да көп адам алмайтынын дәлелдеп) уәкілетті органға мерзімінде тапсыру мекеме басшысына ұсынылады.
3. Отын сатып алу үшін берілетін әлеуметтік көмектің тағайындалуы және төленуі аудандық уәкілетті орган арқылы төмендегі құжаттар негізінде беріледі:
1) Маманның белгіленген нысан бойынша өтініші
2) жұмыс орыннан анықтама
3) тиісті елді мекенде тұратынын растайтын азаматтарды тіркеу кітабы (үй кітабы) көшірмесі немесе анықтама.
Уәкілетті орган әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандардың құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді.
Уәкілетті орган әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде маманға дәлелді жауап жібереді.