"Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін белгілеу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы N 555 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 725 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 05 ақпанда N 10-6-117 тіркелді

Қолданыстағы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәкес Жалағаш аданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін белгілеу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 тамыздағы N 555 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 22 тамызда N 10-6-98 болып тіркелген, 2008 жылғы 27 тамызда N 72 "Жалағаш Жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен белгіленген Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффциенттер мөлшерінде:
      Ескертпеде:
      2-тармақтың алтыншы абзацтағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 110 бабына" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республиасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 120 бабына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      Ө.Шаменов