Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2012.12.06 N 63 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2)тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4225 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінің 2009 жылғы 25 сәуірдегі N 78-79 сандарында жарияланған, "Қызылорда облысының құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 146 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 26 маусымдағы N 162 шешімімен енгізілген өзгерістерімен, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4233 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы газетінің N 149-150 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесінде:
2-тармақтағы:
"Қызылорда" деген сөз алынып тасталсын;
"мәслихатының" деген сөз "мәслихат" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жылына бір рет" деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. "Облыстың құрметті азаматы" атану тиісінше аудандардың және Қызылорда қаласының құрметті азаматы болумен барабар. Сондықтан, "Облыстың құрметті азаматы" атағын алған адам аудандардың, Қызылорда қаласының құрметті атағына ұсынылған кезде осы жағдайлар ескеріледі.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының
XХIII сессиясының төрағасы С. Имандосов
Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы Н. Құдайбергенов