Жұмыссыз жастарға арналған "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 147 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 маусымда N 8-13-65 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2010.04.20 N 82 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) бастапқы, орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар (әрі қарай - жұмыссыз жастар) арасында "Жастардың іс-тәжірибесі" жұмысын өткізуді ұйымдастырсын;
      2) жұмыссыз жастарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен алты айдан аспайтын мерзім уақытқа дейін шарт жасасын;
      3) жұмыссыз жастардың ай сайынғы он бес мың теңге көлеміндегі еңбек ақылары олардың есеп шоттарына аудару арқылы төленсін.
      2. "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-02-103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" бюджеттік бағдарлама бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                Н. Омарханов