Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтермелі жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2009 жылғы 07 қыркүйектегі N 18/161 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 қыркүйекте N 8-12-61 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 Қаулысымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" Ережесінің 2 тармағының негізінде Жаңаарқа ауданының Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтермелі жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс
      XVIII-ші сессиясының төрағасы              Ж. Рыспеков

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Д. Жұмасейітов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Аудандық экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің бастығы                З. Сердалинов
      2009 жылғы 7 қыркүйек.