Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2009 жылғы 31 қаңтардағы N 13/123 шешімі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 ақпанда N 8-12-51 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Респубикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Аумақтық - әкімшілік құрылымы туралы" Заңының 2 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекетік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 3,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудандық Мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау туралы тұрақты комиссиясына (Ж. Қожабековаға) жүктелсін.
      3. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында тіркеліп, ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

      Аудандық Мәслихаттың
      кезектен тыс кеңейтілген
      XІІІ-ші сессиясының төрағасы               З. Аманов

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Д. Жұмасейітов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Ш. Ибраева
      31.01.2009 ж.